Bugin

Моңғолияда 6,8-7 балдық жер сілкінісі болды

Бұл туралы Bugin.kz платформасы жергілікті БАҚ-қа сілтеп хабарлайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алғашқы дүмпулер 12 қаңтарда  05:32-де тіркелді. Сілкініс тереңдігі –  10 шақырым. Кейін бірқатар соққы орын алды.

  • 05:52-де Турттың солтүстік-батысынан 23 шақырымдағы сілкініс магнитудасы – 5,2.
  • 06:02-де Турттың солтүстік-батысынан 44 шақырымдағы сілкініс  магнитудасы – 5,0.
  • 06:22-де Турттан 42 шақырымдағы сілкініс  магнитудасы – 4,5.
  • 06:44-те Турттан 4,4  шақырымдағы сілкініс  магнитудасы –4,9.

Жер сілкінісін Ұлан-Батыр, басқа облыс тұрғындары мен  Ресей сезінді. Қайтыс болғандар мен қираған ғимараттар туралы нақты дерек жоқ. Тек мектептерге сызат түсті.